Қазақстанда министрліктер мен әкімдіктердің сайты істен шықты

Қазақстанда министрліктер мен әкімдіктердің сайты істен шықты

Елде министрлік пен әкімдіктердің сайты істен шықты. Техникалық ақауға байланысты gov.kz сервисінде жұмыс істейтін ресми сайтта ақау пайда болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сайтқа кірген кезде пайдаланушыға «тілдерді жүктеу» деген жазу шығады.

«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ мемлекеттік органдар сайтындағы ақауды растады. Қазіргі уақытта порталды қалпына келтіру бойынша жұмыс жүріп жатқанын мәлім етті.