Әуежайда көлікпен соқтығысқан ұшақта «Қайрат» футболшылары болған

Әуежайда көлікпен соқтығысқан ұшақта «Қайрат» футболшылары болған

Алматы әуежайының ұшу-қону жолағында бортында «Қайрат» футболшылары бар ұшақ көлікпен соқтығысты, деп хабарлайды Хабар 24 Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.

Әлеуметтік желілерде Алматы халықаралық әуежайының ұшу-қону жолағында болған оқиғаның видеосы жарияланды. Кадрлардан көлік ұшақ қанатының астында қалып қойғаны көрінеді. 

«Бұл рейспен команда Бакудегі Конференция лигасындағы «Карабахпен» ойыннан оралған. Оқиғаның мән-жайы анықталуда. Қазір ҚР Қылмыстық кодексінің 344-бабының 1-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды», - деп жазады мәлімет көзі.