Солтүстік Қазақстанда карантин күшейтілді

Солтүстік Қазақстанда карантин күшейтілді

Солтүстік Қазақстан облысында карантин тәртібі күшейтілді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Өңірде соңғы екі аптада 2000 адам ауыруға шалдыққан. 51 науқас жансақтау бөлімінде жатыр. Аққайың, Айыртау, Мағжан Жұмабаев аудандарында вирусты жұқтыру деректері екі-екі жарым есеге көбейіп кеткен. Облыс әлі де «қызыл аймақта». Бүгінгі күнге дейін 230 мың адам вакцина салдырған.

Әсет Жұматаев, облыстық санитариялық–эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы:

– Отбасылық іс-шаралар, яғни банкеттер, үйлену тойы, мерейтой секілді мерекелерді өткізуге тыйым салынады. Адамдар көп жиналатын конференциялар, форумдар, ойын-сауық және өзге де жиын тойларға рұқсат етілмейді.