Елордалық борышкер сот орындаушысына балта ала жүгірген

Елорда тұрғыны сот орындаушысына балтамен бас салды.

Жеке сот орындаушысы полиция қызметкерлерін шақырып, іс бойынша арыз жазды. Мемлекетке қомақты қаражат берешек болып қалған азаматтың автокөлігі тәркіленуі тиіс еді. Алайда ол мұндай шешіммен келіспей, қарсылық танытты. Сот орындаушысының келгенін көрген борышкер үйінен балта алып, жанжал шығарды. Қазір күдіктінің заңсыз әрекеттеріне қатысты 21 іс қаралып жатыр. Ол мемлекет қазынасына 302 мың теңге берешек. Сондай-ақ ол банктерге 358 мың теңге қарыз екен.