Ауыл медицинасына көңіл бөлінеді – Алексей Цой

Ауыл медицинасына көңіл бөлінеді – Алексей Цой

Ел үкіметі ауылдық медицинаны дамыту үшін арнайы шаралар қабылдап жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ауылдағы әлеуметтік мәселе Мемлекет басшысының ерекше бақылауында. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Атырау облысына жұмыс сапары аясында мәлімдеді. Сапар барысында министр «Ауыл – ел бесігі» арнайы жобасы бойынша жүзеге асырылып жатқан спорт, білім беру және денсаулық сақтау саласындағы жаңа нысандардың құрылысымен танысты. Сондай-ақ өңірдің бірқатар медициналық мекемелеріне барды. Жергілікті ауылдардағы медициналық көмектің қолжетімділігі мен білім деңгейіне жоғары баға берді.

Айта кету керек, Атырау облысына қарасты 153 ауылдық елді мекенде 300 мың адам тұрады.