Ақмола облысы Балкашино ауылында 100-ден астам тауық қырылды

Ақмола облысы Балкашино ауылында 100-ден астам тауық қырылды

Ақмола облысының Сандықтау ауданы Балкашино ауылында 100-ден астам тауық қырылып қалған. 

Мамандардың айтуынша, қатар орналасқан үш үйдің құсы өлген. Бір күнде емес, екі аптаның ішінде бірінен соң бірі шетінен құлаған.

Ветеринарлық дәрігерлердің сөзінше, құстардың арасында «ньюкасла» деген вирус тараған. Қазір жағдай тұрақталды, басқа дерек тіркелмеген. Енді ауылда карантин жарияланып, дезинфекция жасалады. Ал аталған кеселдің пайда болуына мамандар, вакцина салынбаған балапандар сеп болуы мүмкін деген болжам айтады.

Ағыбай Сыздықов, облыстық ветеринария басқармасы басшысының орынбасары:

- Біздің халық көктем айында инкубаторлардан балапан алады, жұмыртқа алады. Бұл ауруға негізі мынау бүкіл птицефабрикалар егіледі. Бірақ бір кездерде бұл кісілер сол алған кісілер сол егілмеген балапандарды алып қалған. Соның міне енді жағдайы шығып жатыр.