Алматы облысында биыл көлік қағу салдарынан 100-ге жуық адам қайтыс болды

Алматы облысында биыл көлік қағу салдарынан 100-ге жуық адам қайтыс болды

Алматы облысында жыл басынан бері көлік қағу салдарынан 100-ге жуық адам қайтыс болған.

Ал 340-ы түрлі дене жарақатын алды. Жазатайым жағдайлардың басым бөлігі түнгі уақытта жаяу жүргіншілердің жол ережесін сақтамауынан болған. Полицейлер алдын алу шараларын өткізіп биыл 23 мыңнан аса тұрғынды жауапкершілікке тартқанымен көрсеткіштер кемімей тұр. Құзырлы орган өкілдері өзекті мәселені шешу үшін қоғамдық ұйым өкілдерін де тарта бастады. Олар апта сайын бірлесіп рейдтер мен акциялар өткізуді қолға алды.

Әрсен Шакуов, жол қозғалысы қауіпсіздігі қауымдастығының жетекшісі:

- Біз жаяу жүргіншілер жарық түскенде жарқырайтын элементі бар күртешелерді кисе дейміз. Сонда олар қараңғы кезде көлік жүргізушілеріне көрінеді. Осылайша қауіптің алдын алуға болады. Тұрғындарды жолда мәдениетті болуға шақырамын.