БҚО-да карантин қайтадан күшейтіледі

Батыс Қазақстан облысында карантиндік шаралар қайта күшеюі мүмкін.

Бұған Ресейдің шекаралас облыстарында эпидахуалдың күрт нашарлауы себеп болып отыр. Облыстық жедел штаб жиынында «Ашық» қосымшасына сәйкес сағат таңғы 5-ке дейін жұмыс істейтін мейрамхана мен дәмханалардың қызметіне шектеу қою ұсынылды.

Қазіргі таңда Ресейдегі эпидемиологиялық ахуал өте күрделі. Ауруханалар науқастарға толған. Вирус жұқтырғандар саны күн санап өсіп жатыр. Сондықтан мониторингтік топтар адам көп жиналатын жерлерде санитарлық талаптардың сақталуын қатаң бақылауы тиіс. Сонымен қатар шекарадан өту талаптарын күшейту көзделіп отыр.

Айта кету керек, қазір облыс «жасыл аймақта». Дегенмен, тек соңғы тәулікте 29 адам індет жұқтырғаны анықталды.

Сондай-ақ...