Алматы «сары аймаққа» көшті

Алматы «сары аймаққа» көшті

Алматыда карантин шектеулері жеңілдеді. Бұл туралы қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Сәдуақас Байғабылов хабарлады.

Алматы «қызыл» аймақтан «сарыға» өткеннен кейін жеті күннен соң ғана карантин шектеулері жеңілдетілді. Енді қалада СПА-орталықтар, бассейн, қонақүйлер мен сауда орталықтарының жұмысына шектеу қойылмайды. Ал мейрамханалар мен дәмханалар 50 процент сыйымдылықпен жұмыс істейді. Театр, кинотеатр, концерт залдарына 40 процент көрерменді қабылдауға рұқсат етілді.

Қоғамдық денсаулық басқармасының мәліметінше, кейінгі тәулікте Алматыда 206 адамнан коронавирус инфекциясы анықталған.