Бензин бағасы тағы қымбаттады

Петропавлда бензин тағы да қымбаттады. Жүргізушілер көп тұтынатын  АИ 92 - нің бір литрі 175 теңгеден 186 теңгеге бірақ көтерілді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Өңірде 106 жанар-жағарай құю бекеті бар. Облыстық кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы қызметкерлерінің айтуынша, бағаның өсуіне бензиннің бастапқы сатып алу құны әсер еткен. Қазақстандағы мұнай өңдеу зауыттары өз өнімін делдал компаниялар арқылы өткізеді.

Данияр Исаев, Кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары:

– Сонымен қатар мұнай өнімдерінің өзіндік құнына жол тасымалы мен салық қосылады. Бүгінгі таңда облыс бойынша 3 мың 800 тонна АИ-92 бензині бар. Бұл – жеткілікті мөлшер. Тапшылық жоқ.