Атырау облысында ковид жұққан 49 баланың бесеуі ауруханада жатыр

Атырау облысында ковид жұққан 49 баланың бесеуі ауруханада жатыр

Атырау облысында коронавирус жұқтырған 49 баланың бесеуі инфекциялық стационарда жатыр.

Ал қалғандары үйлерінде ем қабылдауда. Өңірде соңғы тәулікте 19 адамнан коронавирус анықталды. Аудандардағы ахуал оңалып келеді.

Айта кетсек, Құрманғазы ауданындағы инфекциялық стационарда қазір 5 науқас емделіп жатыр.

Светлана Хамзина, Құрманғазы аудандық ауруханасы директорының уақытша міндетін атқарушы:

- Ауырған адамдардың ішінде 58-і 14 жасқа дейінгі балалар. Олардың бәрі де симптомсыз тіркеліп, амбулаторлық бақылауда болып, қазір 8 бала амбулаторлық бақылауда. Қалғаны жазылып шықты. 17 жүкті әйел болды. Олардың бәрі де облыстық ауруханаға жеткізіліп, сол жақта ем қабылдауда болды. Мына жақта қалдырып, емделген жүкті әйелдер болған жоқ.