Алматыда кёрлингтен Азия-Тынық мұхиты аймағының чемпионаты өтеді

Алматыда кёрлингтен Азия-Тынық мұхиты аймағының чемпионаты өтеді

7-13 қараша аралығында Алматы қаласындағы «Алматы Арена» спорт кешенінде кёрлингтен Азия-Тынық мұхиты аймағының чемпионаты өтеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бір аптаға созылатын бәсеке 2022 жылғы әлем чемпионатына іріктеу кезеңі болып саналады. Чемпионатқа төрт әйелдер командасы мен жеті ерлер командасы қатысады.

Әйелдер командасы: Гонконг, Жапония, Қазақстан, Нигерия және Оңтүстік Корея. Ерлер командасы: Қытайдың Тайбэйі, Гонконг, Жапония, Қазақстан, Корея, Катар және Сауд Арабиясы.

Оңтүстік Корея құрамасын 2018 жылғы Олимпиаданың күміс жүлдегері Юн Чжун Ким бастап келсе, Жапония құрамасы Саяку Есимуру командасына сенім артып отыр. Қазақстан құрамасы чемпионатты екінші сессияда Оңтүстік Кореямен болатын ойынмен бастайды.

Әйелдермен қатар ерлер арасындағы бәсекенің де көркі қызайын деп тұр. Азия-Тынық мұхиты аймағының қазіргі жеңімпаздары Оңтүстік Корея көшбасшысы Чан Мин Кимді жаңа құраммен жіберіпті. Ал 2019 жылы аймақ бәсекесінде күміс медальге ие болған Юсуке Моридзуми бастаған Жапония құрамасы кеткен есесін қайтаруға тырысады.

Ойын форматы

Әйелдер командалары екі айналым, ер бір айналым ойнайды.

Раунд соңында 1-4 орын алған командалар плей-оффқа шығады. Бірінші орын алған команда төртінші орын алған командаға қарсылас болса екінші орын алған команда жартылай финалда үшінші сатыдағы командамен ойнайды. Айналым бейсенбіде (11 қараша) аяқталады.

Әйелдер арасындағы жартылай финал жұмада (12 қараша) Алматы уақытымен (GMT+6) 14:00-де басталса, ерлер сол күні ертерек 9:00-14:00-де кездеседі. Қола медаль үшін ойындар сенбі күні (13 қараша) сағат 9:00-де өтсе, чемпионаттың финалы сағат 14:00-ге жоспарланған.

Қазақстан әйелдер құрамасы:

4: Анджелина Эбауйер

3: Ситора Аллиярова (заместитель скипа)

2: Тылсымай Аллиярова

1: Регина Эбауйер

A: Ақгүл Құмар

Қазақстан ерлер құрамасы:

4: Виктор Ким

3: Әділ Жұмағожа (вице-скип)

2: Айдос Аллияр

1: Азизбек Надырбаев

A: Дмитрий Гарагуль

Естеріңізге сала кетейік, 2019 жылғы Азия-Тынық мұхиты аймағының чемпионатында әйелдер арасында Қытай, ерлер арасында Оңтүстік Корея жеңген.

Айта кетейік, келер, 2022 жылғы LGT World Men's әлем чемпионаты АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында өтеді. Алматыда жеңіске жеткен құрама жаһандық додаға тікелей жолдама алса, күміс пен қола жүлдегер Финляндияның Лохья қаласында өтетін іріктеу турнирінде бақ сынайды.

Ал әйелдер арасындағы әлем чемпионаты 2022 жылы Канаданың Принс-Джордж қаласында өтеді. Алматыдағы жарыстың чемпионы мен күміс жүлдегері Канададағы додаға тікелей шығады. Үшінші және төртінші орын алғандар іріктеу турнирлерінде өнер көрсетеді.