Қостанай облысындағы жол құрылысының мерзімі бір жылға ұзартылды

Қостанай облысындағы жол құрылысының мерзімі бір жылға ұзартылды

Әулиекөл-Жалдама тас жолының құрылысы биыл да бітпеді. Бірақ мәселе аяқсыз қалмайды. Жұмыс келер жылы жалғасады.

207 шақырымдық жолдың тек 18 шақырымы асфальтталмаған. Жол жиектерін бекіту, белгілер орнату сияқты жұмыстар да келер жылға шегерілді. Бұл мақсатқа шамамен 400 миллион теңге қажет. Жалпы облыстық маңызға ие тас жолдың құрылысына жергілікті бюджет пен «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы арқылы екі миллиард теңге бөлінген.    

Болат Сейдахметов, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары:

- Биылғы жылы 198 шақырымға асфальт төселіп пайдалануға берілген. Бюджеттен ақша жетіспеді. Сондықтан келесі жылға қалдырып отырмыз. Жолдың жиегін бекітеміз. Сосын разметка, жол белгілерін жасау. Сондай жұмыстарды орындаймыз келесі жылы.