Елордада сауда ойын-сауық орталығына «жасыл» мәртебесі бар адамдар ғана кіре алады  

8 қарашадан бастап елордадағы сауда ойын-сауық орталығына жұмыс күндері тек «жасыл» мәртебесі бар адамдар кіреді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Талдау нәтижесі көрсеткендей, үй карантинін бұзушылардың көбі сауда ойын-сауық орталықтарында тіркелген. Бұл нысандарда адам көп жиналады әрі ұзақ уақыт болады. Сондықтан коронавирустық инфекцияның таралу қаупі артады. Енді келушілер қауіпсіз «жасыл» мәртебесі болған жағдайда, яғни вакцина салдырғандар еркін кіреді. Әйтпесе теріс нәтижесі бар ПТР-тесті болу керек. Сонымен қатар тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар соңғы үш ай ішінде ауырып жазылған адамдар жұмыс және демалыс күндері сауда орталығына кіре алады.