Pfizer вакцинасы өңірлерге таратыла бастады

Pfizer вакцинасы өңірлерге таратыла бастады

«Pfizer» вакцинасы өңірлерге жеткізіле бастады.

Алматы облысына екпенің  алғашқы компонентінің 7800 құтысы әкелінді. Қытай, Германия, АҚШ, Ұлыбритания елінде дайындалған екпе Талдықорғандағы қан орталығына жеткізілді. Халық санына байланысты аудан, қалаларға бөлініп, тарататылатын болады. Вакцинаны аймақтағы 46800 адамға егу жоспарланған. Негізінен жүктіліктің 17 аптасынан асқан әйелдер мен жас босанған аналарға салады. Сонымен қатар ата-анасының келісімі негізінде 12 мен 18 жас аралығындағы балаларға да егіледі.

Ләйлә Серікбаева, облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары:

- 46800 доза «Байотек Пфайзер»  вакцинасын алып келдік. Сол вакцинамен балаларды егеміз. бірінші этапта біз 18-16 жас аралығындағы балаларды егеміз. Сосын 14,13,12 жастағы балаларды егеміз. Барлық мектептер дайын, керекті құрал-жабдықтар да бар.