«Абай» шахтасындағы апаттан зардап шеккен кеншілердің жағдайы белгілі болды

«Абай» шахтасындағы апаттан зардап шеккен кеншілердің жағдайы белгілі болды

Қарағанды облысында болған жарылыс кезінде аман қалған шахтерлардың жағдайы бірқалыпты.

Жансақтау бөлімінен палатаға ауыстырылған азаматтар келесі аптада ауруханадан шығады. Естеріңізге салайық, қарашаның 7-інде «Абай» шахтасында жер астында метан газының шамадан тыс тарауынан жарылыс болды. Салдарынан 6 азамат көз жұмды. Оқиға орнында болған 58 жастағы Жеңіс Маралбаев есін жиғаннан кейін оқиғаның егжей-тегжейлері жайында айтты. 

Жеңіс Маралбаев, шахтер:

- Барлығы есімде жоқ. Өйткені внезапный взрыв болды. Газдың иісі, хлопокты білдім. Дым, сосын есімнен танып қалдым. Мені шығарған жігіттерге рақмет. Мен ең бірінші болып шықтым.