ШҚО-ның Белоусовка ауылында жүз пәтерлі үй жылу мен жарықсыз қалуы мүмкін

Шығыс Қазақстан облысындағы Белоусовка ауылында көп қабатты үй тұрғындары жарықсыз және жылусыз қаламыз ба деп алаңдайды. Аймақтағы энергетикалық компания пәтер иелерінің қарызы болмаса да үйді электр қуатынан ажыратқалы жатыр. Себебі үйді салған мекеме электр торабын басқарушы компанияның балансына өткізбеген. Салдарынан миллион теңгеге жуық қарыз қордаланып қалған.

- Вот такое объявление вешается уже 3 раз. При том, что у нас у каждой квартиры присвоен свой лицевой счет и ни у одной квартиры нет долгов. 

Белоусовкадағы бұл көп қабатты үйдің электр желісінен ажыратылатыны туралы хабарлама тұрғындарды әбден әбігерге түсірді. Олардың айтуынша, пәтер иелерінің электрмен жабдықтау мекемесі алдында бір тиын қарызы жоқ. Бұған қолдарындағы түбіртектер айғақ.

- Вот принесли вчера квитанции, сразу же ее оплатили, за свет ежемесячно оплачиваем, никаких долгов не делали. 

Бұл қайдан шыққан «қарыз» деген тұрғындар өздерінше зерттеу жүргізіп көріпті. Бар гәп мына жоғарғы вольтті кабельде болып шықты.

Ольга Тикашина, Белоусовка ауылының тұрғыны:

- Біз бір сым үшін осыншалықты келеңсіздікке тап боламыз деп ойламаппыз. Үйді салған компания бізге пәтерлерімізді беріп,бұны сол беті қалдырып кеткен. Ал бұған келіп жатқан ток көзінің салдарынан 1 миллион теңгеге жуық қарыз жинақталып қалған. Енді осы айдаладағы «қарыз» үшін біз зардап шегеміз бе.

Сонымен үйді салған құрылыс компаниясы бұл жоғарғы кернеулі кабельді өз мақсатына пайдаланып, оны энергетикалық компания балансна өткізбей кеткен. Енді біз үйді салдық, пәтерді саттық деп жауапкершіліктен бас тартып отыр.

Светлана Гудшмидт, құрылыс фирмасының өкілі: 

- Біз екі жыл бұрын осы салған үйімізден 45 пәтер сатып алып, жалға бердік. Сол кезде электр желісін қоса сатып алғымыз келді. Бірақ ол мемлекеттік тіркеуден өтпеген болып шықты.Енді жалға берілген пәтерлер сатылып кетті. Сондықтан ешқандай жауапкершілік алмаймыз. 

Құрылыс мекемесі коммуникацияның құжатын рәсімдеу тұрғындардың мойынында,өйткені сатып алған кезде барлығын ескеру керек еді дейді. Аймақтық энергетикалық компанияның пікірі басқаша. 

Әсел Баденова, аймақтық энергетикалық компанияның баспасөз хатшысы:

- Бұл электр торабы «Строй максимум» ЖШС балансында. Сондықтан ол компаниы барлық техникалық шарттарды орындай отырып, оны энергиямен жабдықтаушы мекеме иелігіне өткізуі керек.

Қысқасы, қарызды кім өтейтіні әлі белгісіз.Аудандық әкімдік тұрғындарды қолдап, электр желісін салалық компания балансына өткізуге көмектеспек. Бірақ бұл бір жылға жуық уақыт алады екен.Әйтпегенде істің сотқа дейін баруы әбден мүмкін. Ең бастысы, жұрт дәп суық түсер кезде электр қуатынсыз қалмаса болғаны. Егер олай болса олар жылу жүйесінен де қағылады.

Эльмира Ахметова, Вячеслав Ветлугин, Дмитрий Пыхтин

Сондай-ақ...