Петропавлда 33 мас жүргізуші ұсталды

Петропавлда 33 мас жүргізуші ұсталды

Петропавлда тапа-тал түсте ішімдік ішіп, рөльге отырған зейнеткер ұсталды. Енді ол 7 жыл бойы көлігін басқара алмайды.

Өңірде «Қауіпсіз жол» жедел – алдын алу шарасы барысында өткен, бір аптаның ішінде осындай 33 мас жүргізуші анықталды. Оларға қатысты әкімшілік хаттама толтырылып, іс қағаздары сотқа жіберілді. Қазір полиция қызметкерлері күшейтілген тәртіппен кезекшілікке шықты.

Баян Байғаскина, СҚО ПД ЖПҚ басқармасының аға инспекторы:

– Көлік құралын масаң күйде жүргізген 1953 жылы туылған Петропавл қаласының тұрғыны ұсталды. Құжаттарын тексеру барысында аталған азаматтың жеңіл дәрежедегі алкоголдік масаюы анықталды. Жүргізушіге қатысты ӘҚБК 608 бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.