Шығыс Қазақстанға көмір уақытылы жеткізілмеген

Өткен айда Шығыс Қазақстан облысына екі мың вагон көмір уақытылы жеткізілмеген, деп хабарлайды «Хабар 24». 

Салдарынан Өскеменде ұзын-сонар кезек болып, жағдай ушыға жаздады. Қазір отынның не себепті кешіктірілгені анықталды. Мамандардың айтуынша, көмір тасымалымен айналысатын компанияның  жұмысында кемшілік болған. Алайда ол мекеме қызметкерлерінің де айтар уәжі бар. Жылу орталықтарында көмір дер кезінде түсірілмеген, вагондар уақытында кері қайтарылмаған. Осылайша тасымалдауда кедергілер туындаған.

Тағы бір мәселе - шалғай аудандарда көмір бағасы шарықтап тұр. Ауылдағы ағайын бір тоннасын 28-30 мың теңгеге сатып алып жатыр.

Нұрлан Рамазанов, ШҚО энергетика және ТҮКШ басқармасы басшысының орынбасары

– Күніне 30 вагоннан кеп жатыр. Бүгінгі күні 15 қарашада бізде 5 мың тоннадан артық көмір бар және күніне 2 мың тоннадан артық кеп жатыр. Көмірдің жетіспеуі бойынша ешқандай мәселе жоқ.