Қазақстан 88 миллион тонна мұнай өндірмекші

Қазақстан 88 миллион тонна мұнай өндірмекші

Келер жылы елде шамамен 88 миллион тонна мұнай өндіріледі. Бұл туралы бүгін Сенат отырысында Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев мәлімдеді.

Оның айтуынша, қара алтынның бір баррелі 64,5 долларды құрайды. Ал, 2023-шы жылы бұл көрсеткіш 58 долларға дейін түсуі мүмкін. Осы болжамдарды ескерсек, мұнай секторынан бюджетке түсетін табыс көлемі 2 жарым триллион теңгеге жетеді. Жалпы республикалық қазына табысы 9 триллион теңгеден асуы тиіс. Бюджеттегі 1,2 триллион теңге мемлекеттік қарызды өтеуге жұмсалмақ. Ұлттық қордан да ақша бөлу қарастырылған. Мәселен келесі жылғы кепілдендіріген трансферт 2,4 триллион теңге. Нәтижесінде жан басына шаққандағы ішкі өнім 11 мың долларға жақындап қалады. Министрдің айтуынша, елдегі инфляция 4-6 процент аралығында сақталады.