Елордада АИ-92 маркалы бензиннің бағасы шарықтау шегіне жетті

Елордада АИ-92 маркалы бензиннің бағасы шарықтау шегіне жетті
Акчабар

Қазір Елордада АИ-92 маркалы бензиннің бағасы шарықтау шегіне жетті, деп хабарлайды «Хабар 24». 

Бұрын литрі 176 теңгеден саудаланған жанармайдың бұл түрі қазір 183 теңгеге дейін көтерілген. Еліміздің бәсекелестікті қорғау және дамыту жөніндегі агенттігі осындай ақпарат таратты. Қазақстан аумағындағы ірі жанармай құю бекеттерінде қазір АИ-92 маркалы бензин 166 теңге мен 183 теңге аралығында сатылып жатыр. Әзірге ең арзан жанармай Атырау облысында, ал ең қымбаты елордада.

АИ-92 МАРКАЛЫ БЕНЗИН БАҒАСЫ

Нұр-Сұлтан қаласы      176 - 183 тг/литр

Шымкент қаласы          167 - 170 тг/литр

Алматы қаласы             176 - 179 тг/литр

Ақмола облысы            179 -180 тг/литр

Алматы облысы            174 - 179 тг /литр

Маңғыстау облысы       174 тг/литр

Атырау облысы            165 -166 тг/литр

БҚО                             172 тг/литр

Қызылорда облысы      176 - 177 тг/литр

ШҚО                            175 - 178 тг/литр

СҚО                             180 - 181 тг/литр

Павлодар облысы         170 - 177 тг/литр

Қостанай облысы          175 - 178 тг/литр

Түркістан облысы         172 - 177 тг/литр

Қарағанды облысы       180 тг/литр

Ақтөбе облысы             168 - 174 тг/литр

Жамбыл облысы           176 - 179 тг/литр