Шымкентте 303 гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды

Бұл жер осыған дейін жекеменшікке берілген еді, қазір игерілмеген жерлерді мемлекет қайтарып алды, деп хабарлайды «Хабар 24». 

Себебі аталған аумақтар ауыл шаруашылығы үшін берілген. Бірақ жердің жаңа иелері пайдаланбаған. Қазір мегаполисте тексеріс жүріп жатыр. Сол тексеріс нәтижесінде игерілмеген 1546 учаске анықталды. Ауыл шаруашылығы мен кәсіпкерлік мақсатқа беріліп, пайдаланусыз жатқан 107 учаске зерттеуге алынған.

Ғалымжан Өтенбаев, қалалық орта сапасы және бақылау басқармасының басшысы:

– Игерілмеген жерді дәлелдеп беру де үлкен іс. Ол сот қарауында жарты жылға дейін жатады. Онысына айыппұл да салынады. Игермегені үшін 10 еселенген айыппұл салынады, салық салынады. Бұл жерді қайтарған егелері салық төлемеу үшін айыппұл төлемеу үшін өз еркімен сондай шешім қабылдады деп ойлаймын.