Атырау облысындағы жол құрылысынан 272 кемшілік анықталған

Атырау облысындағы жол құрылысынан 272 кемшілік анықталған

Атырау облысындағы жол құрылыстарынан жыл басынан бері 272 кемшілік анықталған. 

Мұның 207-сі республикалық, ал 65-і жергілікті маңыздағы жолдардан табылды.

«Жол активтері ұлттық сапа орталығының» облыстық филиалы жол жағдайын тексеру үшін 700-ден астам рейд өткізген. Нәтижесінде республикалық жолдардан алынған 15 сынаманың мемлекеттік стандарттарға сай келмейтіні белгілі болды. Анықталған ақаулар бойынша Атырау облыстық мемлекеттік сәулет және құрылыс басқармасына 7 ұсыныс-хат жолданды.

Бекбол Мұқашев, «Жол активтері ұлттық сапа орталығы» РМК облыстық филиалының директоры:

- Ақаулар бойынша жеке мекемеге 2,5 млн теңге айыппұл салынды. Және екі техникалық қадағалаушы жұмысты салақ қадағалағаны үшін алты айға лицензияларынан айырылды. Жалпы жолдағы ақаулықтың бір себебі мамандар да жетіспеуі, яғни білікті мамандардың болмауы және жол құрылыс материалдарының сапасының төмендігінен де оның ішінде қиыршық тастардың, битумның және басқа да сапасы стандарттарға сәйкес келмейді деп анықталған.