Елордаға қалыңдығы 28-30 сантиметр қар жауған

Елордаға қалың қар түсті. Бүгін түстен кейін шаһар мектептерінде 7 сыныпқа дейінгі оқушылар үшін сабақ болмайды. Онлайн өтеді. Синоптиктер жауған ақ ұлпаның қалыңдығы 28 см-ге жеткенін айтады.

Бұл бір айда жаууы тиіс, қардың мөлшері. Қардың әлі де тоқтайтын түрі жоқ. Комунналдық қызмет көшелерді аршып үлгірмей жатыр. Қазір қаладағы қарды тазалауға екі мың техника жұмылдырылды. Десе де, қоғамдық көліктердің жүрісі баялауды.

Ал қала маңына қатынайтын нөмірі 300, 305, 316 және 318 автобустар уақытша тоқтады. Есесіне бұл жағдай такси жүргізушілерінің оң жамбасына келіп тұр. Бағалар тіптен шарықтап кеткен. Күн райын болжаушылар ертең Арқада 22 градус аяз болатынын айтады.