Қарағанды облысында 48 отбасы баспаналы болды

Қарағанды облысында 48 отбасы баспаналы болды

Қарағанды облысында қоныс тойы тойланды, деп хабарлайды «Хабар 24». 

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында сол аймақтағы Бұқар жырау ауданында 48 жанұя жаңа баспанаға ие болды. Олар ұзақ жыл үй кезегін күткен мұқтаж жандар. Аудан орталығы Ботақара кентінде «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша көпқабатты 4 үй салынды. Ол үшін республикалық бюжеттен 800 миллион теңгеге жуық қаржы бөлініпті. 2 және 3 бөлмелі пәтерлер мүмкіндігі шектеулі жандарға жалғызбасты аналар және аз қамтылған отбасыларға берілді.

Айта кету керек, жуырда мұнда тағы екі үй қолданысқа беріледі. Сондай-ақ 4 үйдің іргетасы қаланған, құрылыс келесі жылы аяқталады.

Айнагүл Омақасова, Ботақара кентінің тұрғыны:

- 8-9 жылдай кезекте тұрмын, осындай уақыт болыпты. Тәуелсіздік күніне орай үш бөлмелі пәтер алып жатырмын.