Ресейде «Хабар 24» тілшісі беделді сыйлықпен марапатталды

Мәскеуде «Еуразиялық интеграция және даму – XX ғасыр» атты бұқаралық ақпарат құралдары арасындағы шығармашылық байқаудың жеңімпаздары марапатталды. Ең үздік телевизиялық сюжет атауы бойынша Хабар-24 телеаранасының тілшісі Индира Тегжанова жеңімпаз атанды.

Еуразия даму банкі ұйымдастырған шара еуразиялық кеңістіктегі интеграциялық процесстер туралы шынай ақпараттардың таралуына қолдау көрсетуге бағытталған. Биыл байқауға Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстан журналистерінен 300 жұмыс ұсынылған. 

Индира Тегжанова, «Хабар 24» тілшісі:

– Еуразиялық экономикалық одақ аумағында болып жатқан процестер өте маңызды. Одаққа кіретін елдердің экномикасы тығыз байланысты және келешекте нығая түсетініне сенімдімін. Журналистер үшін осы болып жатқан өзгерістерді қадағалап, Қазақстанның экономикасы келешекте қалай өзгеретінін сараптау қызық. Осы ретте журналистердің жұмыстары бағаланып жатқаны қуантады.