Нұр-Сұлтанда «Алтын сапа» сыйлығын табыстау салтанаты өтіп жатыр

Нұр-Сұлтанда «Алтын сапа» сыйлығын табыстау салтанаты өтіп жатыр
atameken.kz

Елордада Қазақстан Республикасы Президентінің кәсіпкерлерге сапа саласындағы «Алтын сапа» наградасы табысталып жатыр.

15 жыл ішінде конкурсты ұйымдастырушылар 2,5 мыңға жуық өтінім қабылдады, 140-тан аса кәсіпорын саласында үздік деп танылды. 2021 жылы 160 кәсіпорын байқауға қатысуға өтінім беріп, оқыту семинарынан өтті, деп хабарлайды atameken.kz.

Сыйлық «Өндірістік мақсаттағы үздік кәсіпорын», «Халыққа арналған тауарлар шығаратын үздік кәсіпорын», «Қызмет көрсететін үздік кәсіпорын» және «Азық-түлік тауарларын және ауыл шаруашылығы өнімдерін шығаратын үздік кәсіпорын» деген 4 аталым бойынша беріледі.

2006 жылы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев сапа саласындағы жетістіктері үшін алғашқы сыйлықтарды тапсырды, ал «Алтын сапа» жылдың басты оқиғасы болды.

Төрт жыл бойы сыйлық: «Өндірістік мақсаттағы үздік кәсіпорын», «Халыққа тауар шығаратын үздік кәсіпорын» және «Қызмет көрсететін үздік кәсіпорын» деген 3 аталым бойынша берілді. 2010 жылдан бастап Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев, енді ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев индустриялық серпіліс, инновациялық серпіліс санаттарында «Алтын сапа» арнайы сыйлығын табыстайды.

Марапаттау рәсімі барысында «Ұлы дала елі», «Іскер», «Іскерлік кемелдік» байқауларының марапаттары және «Парыз» сыйлығы табыс етіледі.