Жамбыл облысындағы дауылда қираған нысандар жөнделді

Жамбыл облысындағы дауылда қираған нысандар жөнделді

Қарашаның 17-сі мен 18-і күндері Жамбыл облысында болған дауылдан 1 мың 200 нысан қираған. Дені көпқабатты үй. 20 шақтысы әлеуметтік нысан. Басым көпшілігі осы кезге дейін қалпына келтірілді. Бұл жөнінде елордада өткен брифингте облыс әкімі Бердібек Сапарбаев айтты.

Үйлер негізінен жеке кәсіпорындар есебінен жөнделген. Ал әлеуметтік нысандарды қалыпқа келтіру үшін қосымша 368 миллион теңге бөлінді. Қазірге дейін мектеп, мәдениет үйі мен медициналық мекемелер толық жөнделді. Енді қалғаны 8 үй. Олар да осы аптаның ішінде жаңартылады.

Бұдан бөлек, аймақ басшысы дау туындаған Ақшолақ елдімекеніне қатысты да пікір білдірді. Әкім «ауыл жұрты жылусыз қалмайды, газ жеткізіледі»,-деді.