Digital Ustaz Almaty байқауының жеңімпазы анықталды

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған Digital Ustaz Almaty байқауының жеңімпазы анықталды.

Бұл бірегей жобаға Алматы қаласынан 3 мыңға жуық мұғалім қатысқан.

«Мұның бәрі педагог мәртебесін арттыруға, мұғалім мамандығын жастар үшін тартымды етуге және білім беру ұйымдарындағы кадр тапшылығын азайтуға мүмкіндік береді», – деді Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев.

Алматы қаласы әкімінің бастамасымен тұңғыш рет өткен Digital Ustaz мұғалімдер байқауына Нұрсұлтан Назарбаевтың Білім Қоры мен EdCrunch Academy заманауи білім беру институты мұрындық болды. «Сіздер әліде жетіле түсіп, шабыт беретін тұлғаға айналасыздар. Бұл тек бастамасы ғана», – деп Бақытжан Сағынтаев жүлдегерлерге сенім білдірді. Үш кезеңнен тұратын байқау қорытындысы бойынша тарих пәнінің мұғалімі Сағынғали Қалиев жеңімпаз атанды.

Сағынғали Қалиев, Digital Ustaz Almaty байқауының жеңімпазы:

– Мен бұл байқауды әлеуметтік желідегі жарнамалардан көріп қалдым. Неге бақ сынап көрмеске дедім. Бір жағынан цифрлық білімімді жетілдіргім келді. Енді, міне, бағым жанып топ жарып отырмын. Англияға барып тәжірибемді толықтыратын мүмкіндік туып отыр. Ұйымдастырушыларға айтар алғысым шексіз.

Химия пәнінің мұғалімдері Нұрбек Серікұлы мен Ерлан Нұғман екінші орынды бөліссе, физика пәнінің оқытушысы Ерлан Керімбай үшінші орынды иеленді. «Біздің негізгі мақсатымыз барлық қала мектептеріне цифрлық әдістемелердің үздік нұсқасын енгізу», – дейді жоба жетекшілері.

Гүлнара Салманова, Digital Ustaz Almaty байқауының ұйымдастырушысы:

– Конкурстың негізгі мақсаты мұғалімдердің цифрлық құзіреттіліктерін көрсету. Сабақ барысында жұмысында, күнделікті өмірінде жаңағы цирлық технологияларды инструменттерді қолдану. Және сабақ барысында болып жатқан әртүрлі проблемаларды, педогогикалық проблемаларды шешу үшін жаңағы цифрлық инструменттерді қолдану болып келеді.

Бұл жобалардың барлығы мұғалім мәртебесін арттыру үшін жасалып отыр. «Сондықтан да біз прогрессивті және жаңалыққа жаны құмар мұғалімдерді алдағы уақытта да қолдауды жалғастырамыз», – деді қала әкімі.

Жандос Айтбайұлы, Мұхит Құдықбаев

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

үш әлем чемпионын шығарған аудан

қостанай облысы))

 

Қостанай облысы Науырзым ауданында бокс пен күрес жақсы дамыған. Додаларда ауыл балалары топ жарып, мерейі үстем болып жүр. Жалпы ауданда қазақша және еркін күреспен 147 адам айналысады екен

Шаршы алаңда ойнақ салып, жұдырықтасып жүрген талдырмаш қыз бала бірден көзімізге түсті. Сұрастырып білсек, есімі Мөлдір, сегізінші сынып оқушысы екен. Қол сілтесіне қарап, біраз тәжірибе жинақтаған бала ғой десек, бокс үйірмесіне күні кеше ғана келіпті.

Мөлдір Молдакәрімова, әуесқой боксшы:

–Осы биылдан бастап қатысып жүрмін боксқа. Ұлдармен бокстасып, осылай жүрем.Өз арамызда бокс болды. Сол бәрімен бокстасқанда екінші орын алдым. Өзіме бокс қатты ұнайды.

Қарамеңді ауылындағы бокс үйірмесіне 90-ға жуық бала қатысады. Тілек білдіргендерді бірінші сыныптан бастап қабылдайды. Спорт жабдықтары, жол жүрістері бәрі тегін. Осы ауыл балаларының арасында облыстық, республикалық жарыстарда танылып үлгіргендері бар.

Қуанышбай Баймұхамбетов, бапкер:

– Бізде үш Қазақстан чемпионы бар осы залдан шыққан. Халықаралық туринилерді есептемей-ақ қояйық. Әр возраст әр түрлі ғой, Қазақстан Республикасының құрама командасының ішінде болды балалар. Кіші жас бөлімінде Зейнолла Ердәулет деген баламыз Қазақстан құрама командасының мүшесі мысалы.

Ал мынау Қарамеңдідегі күрес залы. Бұл жерде алысып-жұлысықан балалар, жастардан босамайды. Жалпы ауданда қазақша және еркін күреспен 147 адам айналысады екен. Әлем чемпиондары Нұржан Ермағамбетов, Ерлан Омаров, Айбек Байдилдинов осы өңірдің түлектері.

Ерболат Жабағин, Науырзым аудандық дене тәрбиесі және спорт бөлімінің басшысы:

– Жалпылама аудан бойынша халықтың 52 пайызы спортпен айналысады. Негізі облыс бойынша жаңағы пайыздық құрамға келгенде алдыңғы орындарда жүрміз. Спорт ғимараттары жеткілікті айналысуға адам көлеміне шаққанда бірақ облыстық, республикалық, жарыстарымыз бар еркін күрестен, бокстан, соған келген кезде, бізге үлкен спорттық ғимарат керек.

Келер жылы аудан орталығында үлкен спорт кешені салынбақ. Оның жобалық сметалық құжаты дайын. Енді қаржылай қолдауды күтіп отыр.

Мағауия Қалиев Сергей Трахтенберг