Нұр-Сұлтанда І ауысымдағы 0-9 сынып оқушылары қашықтан оқиды

Нұр-Сұлтанда І ауысымдағы 0-9 сынып оқушылары қашықтан оқиды

Елордада күн суытуына байланысты І ауысымдағы 0-9 сынып оқушылары қашықтан оқиды, деп хабарлайды Хабар 24 Нұр-Сұлтан қаласының білім басқармасына сілтеме жасап.

«Нұр-Сұлтан қаласының білім басқармасы 2021 жылдың 9 желтоқсанында ауа температурасының төмендеуіне байланысты І ауысымдағы 0-9 сынып оқушылары үшін сабақтар қашықтықтан оқыту форматына көшірілетінін хабарлайды»,-делінген хабарламада.

 

Дәл қазір елордада 28 градус аяз. Сол себепті төтенше жағдайлар қызметі елді сақ болып, ескертулерге құлақ асуға шақырады.

Жүргізушілер тәуекелге бармағаны жөн, егер алысқа жол жүрсе, сайланып шығуға тиіс.