Еріндерін ботокспен үлкейткен түйелер сұлулық байқауынан шеттетілді

Сауд Арабиясында биыл осы ең сұлу түйе байқауынан 40 түйе қуылды, деп хабарлайды Хабар 24.

Себеп не дейсіз ғой? Өйткені иелері жануарлардың еріндерін ботокспен үлкейткен және бұлшық еттерін гормондармен өсірген екен. Осылайша табиғи қалпынан айрылған түйелер додаға қатыса алмады. Ұйымдастырушылардың айтуынша жануарларға түрлі препараттардың егілуі сайыс ережесін бұзып қана қоймай , олардың денсаулығына да нұқсан келтіреді. Ал биылғы фестивальдің сыйлық қоры 64 миллион доллар.