Атырау облысында 10 желтоқсаннан бастап жаңа қаулы күшіне енеді

Атырау облысында 10 желтоқсаннан бастап жаңа қаулы күшіне енеді

 

Атырау облысының бас санитар дәрігері балалар ертеңгілігін өткізуге тыйым салды, деп хабарлайды Хабар 24 azh.kz сайтына сілтеме жасап.

Тұрақты эпидемиологиялық ахуалды сақтау және мереке күндері қарсаңында Атырау облысының халқы арасында COVID-19 коронавирустық  инфекциясы таралуының алдын алу мақсатында, Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексінің 9, 36, 102, 104 және 107-баптарына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

Атырау облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 29 қыркүйектегі №23 «Атырау облысында шектеу карантиндік шаралары және оларды кезең-кезеңімен жеңілдету туралы» қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1 а тармақпен толықтырылсын және мынадай редакцияда мазмұндалсын:

«1а. Барлық меншік түріндегі ұйымдарға, кәсіпорындарға мектеп және мектепке дейінгі мекемелерге, орта және жоғары білім беру ұйымдарына:

- көпшілік іс-шаралар (ертеңгіліктер, мәдени, тәрбиелік, сыныптан тыс және ата-аналар жиналыстарын және т.б.) өткізуге тыйым салынсын;

- мектепке дейінгі және орта білім беру ұйымдарында топтар мен сыныптарды біріктіріп іс-шаралар өткізуге тыйым салынсын;».

2) 6-тармақ пен 1,2-қосымша өзгертілсін, толықтырылсын және мынадай редакцияда мазмұндалсын:

«Ashyq» жобасына қатысатын әлеуметтік-экономикалық объектілердің қызметінің өлшемшарттарына сәйкес қызметке рұқсат етуді осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес қызметкерлер мен келушілерде қауіпсіз «жасыл мәртебе» болған жағдайда (вакцинация, сынама алған кезден бастап 7 тәуліктен аспайтын теріс нәтижесі бар ПТР тест, тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар, соңғы 3 ай ішінде ауырып жазылған адамдар) рұқсат етілсін.

Сауда-ойын-сауық орталықтары, сауда үйлері қызметкерлер мен келушілерде қауіпсіз «жасыл мәртебе» болған жағдайда (вакцинация, сынама алған кезден бастап 7 тәуліктен аспайтын теріс нәтижесі бар ПТР тест, тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар адамдарды қоспағанда, соңғы 3 ай ішінде ауырып жазылған) жұмыс және демалыс күндері штаттық режимде жұмыс кестесін белгілей отырып, күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтауды қамтамасыз етсін»;

3) 10-тармақ өзгертілсін және мынадай редакцияда мазмұндалсын:

«10. Атырау облысы Ішкі саясат басқармасы, «Атамекен» ӨКП:

10.1. бұқаралық ақпарат құралдарында, әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде қабылданатын шаралар туралы ақпараттық қолдауды, адамдардың, қоғамның қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған қабылданған шешімдердің маңыздылығы мен өмірлік қажеттілігін түсіндіруді;

10.2. осы Қаулыны барлық мүдделі мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, кәсіпкерлік субъектілері мен қала халқының назарына жеткізуді қамтамасыз етсін».

4)  12-тармақ өзгертілсін және мынадай редакцияда мазмұндалсын:

«Атырау облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің аумақтық басқармалары, Атырау облысының Полиция  департаменті, Атырау қаласы және аудандар әкімдері осы қаулының орындалуына  күшейтілген бақылауды қамтамасыз етсін.».

5)  Осы қаулы 2021 жылғы 10 желтоқсан сағат 00:00-ден бастап күшіне енеді.

Атырау облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері М.Танауов