30 жыл ішінде Қазақстан экономикасы тұрақты мемлекетке айналды

30 жыл ішінде Қазақстан экономикасы тұрақты мемлекетке айналды

30 жыл ішінде Қазақстан экономикасы тұрақты, халықаралық аренада жоғары беделі бар мемлекетке айналды.

Бұл туралы Парламент Мәжілісінің төрағасы Нұрлан Нығматулин ел тәуелсіздігіне арналған халықаралық конференцияда мәлімдеді. Ол Қазақстанның Орталық Азия елдерінің ішінде бірінші болып Біріккен Ұлттар Ұйымының Қауіпсіздік Кеңесіне тұрақты емес мүше болғанын ерекше атап өтті. Сондай-ақ елордада мамандандырылған «ЭКСПО» көрмесінің өткені жайында сөз қозғады. Нұрлан Нығматулин Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бастаған саясатты Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқааевтың сәтті жүзеге асырып жатқанынын да тілге тиек етті.

Нұрлан Нығматулин, ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы:

- Осы ұзақ мерзімді стратегиялық жол бүгінде Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың саяси, әлеуметтік-экономикалық реформаларымен одан әрі жалғасуда. Президентіміз ең алдымен, әлеуметтік қолдаулар мен дағдарысқа қарсы шараларға баса назар аударды.