СҚО-ның ауылдық жерлеріне 47 медициналық нысан салынады

СҚО-ның ауылдық жерлеріне 47 медициналық нысан салынады

Солтүстік Қазақстанда алдағы уақытта 47 медициналық нысан салынады. Мұны аймақ басшысы айтты.

Биыл заманауи көпсалалы аурухананың құрылысы басталды. «Береке» және «Жас өркен» шағын аудандарында жаңа емдеу мекемелері бой көтереді. Құмар Ақсақаловтың айтуынша, әлеуметтік саладан бөлек, ауыл шаруашылығында да ауқымды жобалар қолға алынған. Соның бірі, астық сақтау мен тұқым шығаратын зауыт құрылысы.

Құмар Ақсақалов, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі:

– Қазір облыста майлы дақылдарды өңдейтін Қазақстандағы ең ірі зауыт салынуда. Жылына 370 мың тонна майлы дақылдарды өңдейтін зауыт. Облысқа 15 млрд теңге инвестиция тартылды. 200-ден аса тұрақты жұмыс орны ашылатын болады.