«Ұлы дала» байқауы өз мәресіне жетті

«Ұлы дала» байқауы өз мәресіне жетті

«Nur Otan» партиясының Орталық аппаратында Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған республикалық шығармашылық байқау жеңімпаздары марапатталды.

«Проза», «Поэзия», «Драматургия», «Көркем фильм мен телесериал сценариі» және «Балаларға арналған шығарма» аталымдары бойынша 16 жоба үздік деп танылды.

Байқауға әр аймақтан 18 бен 40 жас аралығындағы қаламгерлерден 400-ге тарта шығарма келіп түскен.

Эльмира Назирова, Шет тілдер және іскерлік карьера университетінің оқытушысы:

– Егемендік пен Елбасы егіз ұғым деп санаймын. Қазіргі таңда Қазақстан – бейбітсүйгіш, толерантты ел ретінде танылған, одан бөлек ішкі саясатта жастарды қолдайтын, жас аналарды қолдайтын бірден-бір мемлекеттердің бірі.