ШҚО-да Аяз ата мен Ақшақар құтқарылды

Шығыс Қазақстан облысында қар көшкіні қаупінің алдын алу шаралары басталып кетті. Құтқарушылар тұрғындарға табиғи апаттың қаншалықты қатерлі екенін түсіндіру үшін арнайы акция ұйымдастырды. Сөйтіп, қар құрсауында қалған Аяз ата мен Ақшақарды құтқару операциясын көрсетті. Мамандар осындай мерекелік сценарий арқылы жұрт назарын аударып, сақтықты күшейтуді көздейді.

Аяз ата мен Ақшақардың қарбалас уақыты жақындады. Сондықтан мереке алдындағы дайындықтары қызу. Осы жолы Глубокое ауданындағы шараға жол тартыпты. Алайда апат деген аяқ астынан. Таудан сырғыған қар шаналарын басып қалды. 

Дегенмен, акцияның басты кейіпкерлеріне көмек лезде жетті.

- Два, три, шаг! Делай раз, два, три, шаг!

Алайда құтқарушылар операцияға кинологтарды қосуға мәжбүр болды. 

- Ищи! 

Расында қар астындағы Ақшақар мен Аяз атаны алдымен құтқарушылардың сенімді серігі Лесси тапты. 

- Спасибо большое нашим спасателям, которые пришли на помощь мне и Дедушке Морозу! И спасли нас, когда мы попали в беду! 

Осы бір көрініс арқылы төтенше жағдайлар қызметі көпшілікті көшкін қаупіне салғырт қарамауға үндеді.

Жадыра Аманғалиқызы, облыстық ТЖД Баспасөз қызметінің бас маманы:

- Осы бүгінгі креативті акция арқылы мұндағы жаңажылдық кейіпкерлерді осындай акцияға жұмылдыра отырып, біз тұрғындарға қар көшкіні кезіндегі болуы мүмкін қауіп туралы ескерткіміз келеді. Осы дауылды ескерту туралы хабарламаны алған кезде осы тұрғындар құтқарушылардың ескертулеріне немқұрайлы қарамай, қала сыртына шықпау туралы кеңестеріне құлақ түруін сұраймыз. 

Акцияның  Глубокое ауданында өтуі бекер емес. Өйткені бұл ауданда көшкін жүруі мүмкін учаскелер көп. Жалпы облыста қар өте көп түсетін 500-ге жуық беткей бар. Соның 300-ден астамы елді мекендер маңы мен жол бойында.

Эльмира Ахметова, Жігер Бабаханов