Pfizer/Biontech екпесінің омикронға қарсы тиімділігі бағаланды 

Pfizer/Biontech екпесінің омикронға қарсы тиімділігі бағаланды 

«Файзер» және «Байонтек» компанияларының коронавирусқа қарсы вакцинасының өзге штамдармен салыстырғанда, омикронға қарсы тиімділігі 32 есе төмен болып шықты, деп хабарлайды Хабар 24.

Гонконг университеті ғалымдары осылай деп отыр. Десе де мамандар әлі қосымша зерттеулер керек екенін айтады. Сондай-ақ қолда бар препараттар індеттің ауыр формада өтуінен қорғайтынын еске салады. Ғалымдар қытайлық «Синовак» компаниясы екпесінің де омикронға қарсы тұру қабілетін тексеріп, алдағы уақытта нәтижелерімен бөлісетіндерін жеткізді.