Таиланд пен Кувейтке тұрақты рейстермен ұшуға болады

Таиланд пен Кувейтке тұрақты рейстермен ұшуға болады

2021 жылғы 31 қазаннан бастап «Эйр Астана» әуе компаниясы аптаның бейсенбі және жексенбі күндері А320LR әуе кемесімен Алматы-Пхукет бағытында 2 рет тұрақты рейс орындайды.

Сонымен қатар, 2021 жылғы 1 желтоқсаннан бастап Кувейттің «Jazeera Airways» әуе компаниясы A320/A20N әуе кемесімен Алматы және Эль-Кувейт қалалары арасында жаңа бағытта сәрсенбі және жексенбі күндері аптасына 2 рейс орындай бастады.

Рейстер санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтай отырып және әуе компаниясының сайтында жарияланған кестеге сәйкес орындалады.