476,27 474,60 7,83
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Елімізде биыл аз қамтылған отбасыларға 350 млрд-тан астам жәрдемақы төленді

  • 243
  • UPD: 12:05, 14.12.2021
Елімізде биыл аз қамтылған отбасыларға 350 млрд-тан астам жәрдемақы төленді

Елде жыл басынан бері мүгедектер мен асыраушысынан айырылған азаматтар 357 млрд теңгеден астам жәрдемақы алды, деп хабарлайды Хабар 24.

Оның ішінде жарымжан жандарға республикалық бюджеттен 283 млрд теңгеден астам қаражат бөлінді. Ал асыраушысынан айырылған отандастарымызға 74 млрд теңге бағытталды.

Еске салайық, мүгедектік бойынша әлеуметтік көмек көлемі 49 мың теңге, ал асыраушысынан айырылғандар 46 мың теңге алады.

Хабар 24 телеарнасы