Нұр-Сұлтанда бүгін мерекелік отшашу ұйымдастырылады

Нұр-Сұлтанда бүгін мерекелік отшашу ұйымдастырылады

Тәуелсіздік күні қарсаңында Нұр-Сұлтан қаласында мерекелік отшашу өтеді.

Қала әкімдігінің хабарлауынша, шара бүгін кешкі сағат 9-да болады деп жоспарланған. Отшашу демеушілер есебінен ұйымдастырылады. Оны Ботаникалық саябақта, жағалаудағы Атырау көпірінің маңында, Ақбұлақ өзенінің жағалауында, Пушкин көшесі мен Абылай хан даңғылының қиылысында тамашалауға болады.

Еске салайық, Тәуелсіздік күніне орай қазақстандықтар 16-сы мен 19 желтоқсан аралығында төрт күн демалады.