Солтүстік Қазақстанда карантин тәртібі жеңілдетілді

Солтүстік Қазақстанда карантин тәртібі жеңілдетілді

Солтүстік Қазақстан облысында карантин тәртібі жеңілдеді.

Бас санитар дәрігердің қаулысы бойынша, 70 адамнан аспайтын той, мерекелік кеш, форум өткізуге рұқсат берілді. Театр, кинотеатр, концерт залдары тек 70 процентке дейін толуы тиіс.

Облыс бір аптадан бері «сары аймақта». Дәрігерлердің айтуынша, жұқпалы аурудың таралуы бәсеңдеп келеді. Өткен тәулікте 57 адам ауырып қалған. Соңғы деректерге сүйенсек, 250 мыңға жуық адам вакцина алған.