Алматыда жаңа өрт сөндіру депосы ашылды

Алматыда жаңа өрт сөндіру депосы ашылды
inform.kz

Жаңа өрт сөндіру депосының жалпы алаңы 3524 шаршы метр 6 шақырылымға есептелген, оқиға орнына дейін жол жүру уақытын қысқартуға мүмкіндік береді, деп хабарлайды Хабар 24. Қазақпаратқа сілтеме жасап.

Сондай-ақ Алатау ауданының Индустриалды аймағын, оның ішінде Саялы, Көк-Қайнар, Томирис, Мәдениет шағынаудандары мен 71 разъездің өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстың тиімділігін арттырады. Ауданның белсенді дамуын ескере отырып, өрт сөндіруге арналған техникамен қатар арнайы автотехникамен жабдықталған, оның ішінде биік ғимараттарға арналған.

«Мұнда 131 қызметкер жұмыс істейді. Бөлімде негізгі және арнайы мақсаттағы 10 заманауи өрт сөндіру автомобильдері орналасады. Жеке құрам үшін тұрмыстық үй-жайлар, демалыс бөлмелері, психологиялық жеңілдету бөлмесі, тренажер спорт залы қарастырылған», - деді Алматы қаласы ТЖД басшысы Руслан Қасымбаев. Кәсіби дайындық үшін оқу-жаттығу мұнарасы, кедергілері бар 100 метрлік жолақ бар. Сондай-ақ гарнизон қызметкерлері үшін жатақхана мен пәтерлер қарастырылған. Бүгінгі күні қалада өртке қарсы қызметтің 18 бөлімшесі жұмыс істейді.