Маңғыстау облысында жаңажылдық шараларды өткізуге рұқсат берілді

Маңғыстау облысында жаңажылдық шараларды өткізуге рұқсат берілді

Аймақтың бас санитарлық дәрігері Ғазиз Нәдуевтың айтуынша, шырша мерекелеріне «Ашық» жүйесі арқылы жасыл статусы бар адамдар кіргізіледі.

Ал ұжымдық тапсырыспен мейрамханаларға бару бойынша әзірге нақты ақпарат жоқ.

Естеріңізге сала кетейік, жаңажылдық шаралардың ұйымдастырылуын әр өңірде мемлекеттік бас санитар дәрігер белгілейді. Бірінші кезекте қоғамдық орынның неше адамға арналғаны ескеріледі. Бірақ эпидемиологиялық ахуалға байланысты ол өзгеруі де мүмкін.

Ғазиз Надуев, облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы:

- Корпоративтік кештер бойынша нақты шешім айтылмаған. Бүгінгі таңда қаулыға сәйкес, өңірде түрлі шаралар өткізуге рұқсат берілген. Қазіргі таңда «Ашық» жүйесі арқылы жасыл статусы бар 100 адамға дейін жаңажылдық кешті тойлауға рұқсат беріліп отыр.