Тәуелсіздік күні дүниеге келген сәбилерге Мемлекет басшысының сыйлықтары табысталды

Тәуелсіздіктің 30 жылдық мерейтойында дүниеге келген сәбилерге Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан арнайы сыйлықтар табыс етілді. «Сүйінші» деп алатын қорапқа сәбилерге қажетті жөргек, киім-кешектер мен өзге де заттар салынған.

 Сонымен қатар Мемлекет басшысының құттықтау хаты мен Туу туралы куәлік қоса берілді.