Маңғыстау облысында браконьерлік тыйылмай тұр

Маңғыстау облысында браконьерлік тыйылмай тұр

Маңғыстау облысында бекіре аулау, заңмен тыйым салынған жануарларды атуға қатысты браконьерлік қылмыстар тыйылмай тұр.

Желтоқсан басталғалы бері табиғат қорғау полициясы 7 күдіктіні қолға түсірді. Сондай-ақ рұқсатсыз аңшы қаруын алып жүрген, аң және балық аулау қағидаларын өрескел бұзған 80 адамға 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынған. Таяуда Түпқараған ауданында шекарашылармен бірлесе өткен рейд кезінде жер үйде 90 келі бекіре сақтаған ауыл тұрғыны ұсталды. Тергеу жалғасып жатыр.

Абзал Яхиев, ПД Табиғат қорғау полиция бөлімінің аға инспекторы:

- Теңізден аулап, үйінде салып жатқан жерінен ұсталды. Қалған қылмыстық істер бойынша Жаңаөзен қаласында, Қарақия ауданында учаскелік инспекторлар тексереді. Сол кезде тіркелмеген аңшылық қарулары табылады үйлерден. Соларды тіркейді қылмысқа.