Жем-шөпке берілген 700 млн теңге игерілмей қалды

Жем-шөпке берілген 700 млн теңге игерілмей қалды

Мал азығын арзандатуға бөлінген 1 миллиард 900 миллион теңгенің 700 миллионы игерілмей қалды.

Қазір бұл қаржы үкімет резервіне қайтарылған. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев мәлімдеді.

Айтуынша, қаржының жұмсалмай қалуына мал басының мемлекеттік базада тіркелмеуі себеп болды. Мұның үстіне заң бойынша субсидия тек аналық бас үшін ғана беріледі. Қазір министрлік бұқа үшін де субсидия беру мәселесін талқылап жатыр.

Ербол Қарашөкеев, ҚР Ауыл шаруашылығы министрі:

- Жазда бөлінген ретте Маңғыстау облысында 429 мың бас аналық мал бар деп болжанған еді. Ақша бөлінгеннен кейін ол аналық малдың басы азырақ болды. Көп бас мал ИСЖ система дейміз ғой, жүйеге тіркелмеген. Сатылып кеткен мал жүйеден алынбаған. Маңғыстау облысының әкімшілігімен тығыз жұмыс жасап жатырмыз. Келер жылы амалын табу малдың барлық басына көмектесуге.