Еріктілер қозғалысын ынталандыру үшін елімізде барлық жағдай жасалған – Балаева

Еріктілер қозғалысын ынталандыру үшін елімізде барлық жағдай жасалған – Балаева

Мемлекет түрлі бағыттағы еріктілер қозғалысын ынталандыру үшін қолайлы жағдай жасап отыр.

Бүгін игі істер марафонының жеңімпазымен кездесу кезінде Ақпарат және қоғамдық даму министрі осылай деді. Аида Балаева жалпыұлттық жобаның жеңімпазын құттықтады. Ол – 10-сынып оқушысы Глеб Футман. Оқушы мектеп қабырғасында газет шығарып, онда еріктілер қозғалысын кеңінен насихаттаған. Жазып қана қоймай, өзі де осымен 2 жыл қатарынан түрлі шараларға ерікті болып атсалысып үлгі көрсетіп жүр.

Атап айтқанда, экологияны қорғау, азаматтарды іздестіру ісінде белсенділік танытып келеді. Бұл ретте министр адами құндылықтар мектеп қабырғасында қалыптасатынына назар аударды. Сапалы білім алу керектігін айта келе, жеңімпазға кітап тарту етті.

Глеб Футман, игі істер марафонының жеңімпазы:

– Біз өзіміз шығарған газет беттерінде республика бойынша еріктілер қозғалысы жөнінде көптеген мақалалар жаздық. Түрлі конференциялар мен кездесулер ұйымдастырдық. Біздің команданың еңбегі көзге түсіп, осындай жоғарғы деңгейде бағаланғанына өте қуаныштымыз. Әрмен қарай да осындай игі істер жасауға ұмтылатын боламыз.