Жамбылда Меркі – Шу – Бурылбайтал тас жолы ашылды

Жамбылда Меркі – Шу – Бурылбайтал тас жолы ашылды
inform.kz

«Меркі-Шу-Бурылбайтал» тасжолының ұзындығы 257 шақырым болатын бөлігінде көлік қозғалысы ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл жайында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі мәлім етті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес «Меркі – Шу– Бурылбайтал» автомобиль жолының ұзындығы 257 шақырым болатын учаскесі іске қосылды. Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев пен ҚР ИИДМ Автомобиль жолдары комитетінің төрағасы Төлеген Абдуллин аталған жол аумағында болып, атқарылған жұмыстардың нәтижелерімен танысты. Шу қаласының айналма учаскесінде белгіленген мерзімнен бұрын 7 көпір мен жол өтпелерінің, соның ішінде ұзындығы 204 метр болатын Шу өзені арқылы өтетін ең үлкен көпірде жұмыс аяқталған болатын.