Ақтөбеде жаңа жылдық мереке күндері мониторинг топ жұмысын күшейтеді

Ақтөбеде жаңа жылдық мереке күндері мониторинг топ жұмысын күшейтеді
Егемен Қазақстан

Ақтөбеде моноторинг топтары қайта жұмысты күшейтеді. Эпидемиологтар қонаққа бармауға, қонақ шақырмауға кеңес беріп отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ақтөбе облысы қазір «жасыл» аймақта. Өңірлік коммуникациялар қызметінде баспасөз мәслихатын өткізген облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті әлемде омикорн штамы тараған тұста жағдайдың күрт өзгеріп кетуі мүмкін екенін еске салды. «Омикрон шматы әлемнің 100-ден астам елінде тіркелген. ДДСҰ мәліметінше жастар, балалар жиі жұқтырады. Дельта штамына қарағанда тез тарайды және адамға тезжұғады. Сондықтан коронавирус инфекциясын таратпау үшін облыстық санитариялық-эпидемиологиялық департаменті жаңа жылдық мерекені отбасында атап өтуді ұсынады», – деді облыстық санитариялық-эпидемиологиялық департаменті басшысының міндетін атқарушы Гүлбану Дәулетова.

Мереке қарсаңында және мереке күндері мониторинг топтар жұмысты күшейтеді. Рейд күндіз және түнде жүргізіледі.

Айта кетейік, бұған дейінгі мониторинг топтар мен жергілікті полиция қызметін карантиндік тәртіпті бұзғандарға 92 млн теңге шамасында мыңға жуық айыппұл салынды.