Түркістанда жаңа жыл кешінің шырқы неге бұзылды

Жаңажылдық кешке жиналған шенеуніктер ешқандай санитарлық талапты бұзбаған, деп хабарлайды Хабар 24.

Түркістан облыстық білім басқармасы өкілдері әлеуметтік желіде тараған бейнежазбаға қатысты осындай мәлімдеме жасады. Мерекелік шараға тек 50 адам қатысқан. Жиналғандардың қаша жөнелуін әріптестері абдырап қалғандықтан деп түсіндірді. Бақылау тобының тосыннан сау еткенінен жұрт сасқалақтап дереу тарай бастапты. Сондықтан әкімдік өкілдері бейнені интернетке жүктеген азаматты сотқа беретінін мәлімдеді. Бұған дейін әлеуметтік желіде мейрамханалардың бірінде түсірілген видео тараған. Онда Түркістан облыстық адами әлеуетті дамыту басқармасының қызметкерлері мерекелік кешке жиналған делінген. Полицейлер мен блогерлер келген сәтте қонақтардың дені қаша жөнелген.